2.09.2015, 15:41
Оқылды: 33

«Су жаңа» спорт алаңы

Akjayik su jana sport alani  Ақжайық ауданындағы Ақжол ауылдық округі орталығы – Ілбішін ауылында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. Сөйтіп, тұрғындардың, жастардың, мектеп оқушыларының көптен бергі бір тілегі орындалды. Спорттық нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл іс «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жергілікті «Сахарный» мұнай жылыту бекетінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Осындай қамқорлық танытқандарға, құрылысшы қауымға спорт алаңының салтанатты ашылуында зор алғыс арналды.

Ұзақ есте қалар осы күнге орай ақжолдықтарды аудан әкімінің орынбасарлары М.Жұматова, «Сенімді сапа» ЖШС президентінің орынбасары Әленғали Кереев, «СПС» ЖШС директорының орынбасары Алтай Шапкенов, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы «Сахарный» мұнай жылыту бекетінің басшысы Әнуар Өтемісов, аудандық бөлім, мекеме жетекшілері құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары Асқар Әбуғалиев, еңбек ардагері Әленғали Кереев және жергілікті ардагер спортшы Идият Манашұлы көпшілікке қуаныш әкелген, аумағы 3300 шаршыметр, бірнеше ойын алаңы, жүгіру жолы бар осы жаңа нысанның лентасын қиды.

Айтулы оқиғаға орай оқушылар және ересектер арасында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар арасында Чапаев №1 орта мектебінің ойыншылары жеңімпаз танылды. Ересектерден «Сахарный» мұнай жылыту бекетінің командасы жеңіске жетті.

www.zhaikpress.kz

Болат ЕСҚАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале