21.07.2015, 18:16
Оқылды: 22

Сыбайласқа жол бермеуге ұмтылу қажет

Karatobe sibailastikka   21 шілде күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің новеллалары» тақырыбында кеңес оздырылды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиевтің төрағалығымен өткен кеңес жұмысының күн тәртібіне сай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Бөрлі ауданы бойынша ауданаралық басқармасының бас маманы Жандарбек Құмарғалиев хабарлама жасады.

Ол өз сөзінде мемлекеттік көліктердің жұмыстан тыс уақытта, соның ішінде демалыс күндері қозғалысын шектеуді мекеме басшыларының қаперіне салды.

Кеңес барысында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу турасында бейнекөрсетілім ұсынылды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы      

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале