9.06.2015, 16:15
Оқылды: 25

«Сыбайлас жемқорлықпен күресте жеңіске жете аламыз, жетуге де тиіспіз»

DSC_0116Ақжайық ауданы әкімдігі жанындағы құқықтық насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің отырысындағы әңгіме осылай түйінделді. Аудан әкімі Нариман Төреғалиев ашып, жүргізген бұл бас қосуда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Мирболат Нұртазин қатысты.

Жиналған ауылдық округ әкімдері, олардың бас мамандары, мекеме, ұйымдар жетекшілері  алдындағы өз сөзінде М.С.Нұртазин елімізде реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін Ұлт жоспары – мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы жасалуының мақсат-мұраттары жайында баяндай келіп, мемлекеттік аппараттың мықтылығын қамтамасыз етуге қатысты міндеттерге орай өзінің пайымдарын ортаға салды.

DSC_0102

Ақжайық ауданы сотының бас маманы Мираж Есеналиев «100 нақты қадамдағы» «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағыты туралы» ой-пікірлерін жеткізе келіп, сыбайлас жемқорлықпен күресте сот жүйесінде күрт бетбұрыстар жасалып отырғанын, бұл Ұлт  жоспарын орындауға елеулі іргетас қалайтынын айтты.

Құқық бұзушылық, оның ішінде жемқорлық секілді дертпен күрес жайында «Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева әңгімеледі.

«100 нақты қадам» қоғамды «Сыбайлас жемқорлықпен күресте жеңіске жете аламыз, жетуге де тиіспіз» деген сенімді орнықтыруға шақырады. Кеңес отырысы осылай қорытындыланды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале