10.12.2015, 19:41
Оқылды: 23

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Janibek stop kilmis   «Нұр Отан» партиясының «STOP қылмыс» партиялық жобасы шеңберінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жиналыс оздырылды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен жиынға «Жас Отан» жастар қанаты Жәнібек ауданы бойынша хатшысы, аудандық мекеме басшылары, құқық қорғау саласының қызметкерлері мен әр салада қызмет етіп жүрген белсенді жастар қатысты.


         Басқосуда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Сағынбек Стамов Елбасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 жарлығымен бекітілген «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы баяндама оқыды. Одан кейін аудандық ішкі істер бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Орақаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекежан Шарафутдинов және аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Ғибрат Айтқалиевтер сөз алып, сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көрініс екенін, ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіретіндігін айтып өтті.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, жастар арасында құқықтық білім мен мәдениетті көтеруіміз қажет. Сонда ғана ұлт үмітін ақтап, Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуына қомақты үлес қоса аламыз. Жиынның тобықтай түйіні – осы болды.

 www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале