27.07.2016, 17:46
Оқылды: 41

«Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары жүзеге асуда

СыбағаЖәнібек ауданындағы шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жеңілдіктерді тиімді пайдалануға күш салуда.


Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша биыл үш шаруа қожалығы 40 миллион теңге қаржы алып, 8 бұқа және 207 аналық ірі қара сатып алуда.

Сондай-ақ, төрт шаруа қожалығы 40 миллион теңге несие алу үшін құжаттарын қамдауда.

«Алтын асық» бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылы екі шаруа қожалығы 13 миллион теңге қаржыға қол жеткізіп, 30 бас асыл тұқымды Ақжайық етті-жүнді қойының қошқарларын саудаласа, қосымша 465 бас аналығын сатып алуда. Ал «Құлан» бағдарламасы бойынша әзірге 2 шаруа қожалығы қызығушылық танытып, несие алуға ниеттенген.

         Н.Жапақов
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале