24.02.2016, 11:38
Оқылды: 29

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 104 шаруа қожалықтары 1,2 млрд. теңгеге асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алған

received_981237328592295    Облысымызда етті бағыттағы мүйізді ірі қара малдың өнімділік сапасын және еттің экспорттық әлеуетін арттыруға баса көңіл бөлініп келеді.


Облыс бойынша 21 асыл тұқымды шаруашылық, 25,7 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған 101 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар, 11,8 мың басқа арналған 5 бордақылау алаңы жұмыс істейді.

Облыста 3,2 мың басқа арналған 5 мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде.

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 104 шаруа қожалықтарымен 1,2 млрд. теңгеге 6,1 мың аналық мал басы мен 268 асыл тұқымды бұқашық сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы аясында 979,5 млн. теңгеге 3,3 мың бас сатып алынды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 383,9 млн.теңгеге 15,6 мың бас ҰММ сатып алынды.

Анықтама ретінде:«Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 484 шаруа қожалықтары 5,0 млрд. теңгеге несие алып, 25,8 мың аналық мал басы мен 1077 асыл тұқымды бұқашық сатып алды немесе жоспар 151,8%-ға орындалды (жоспар – 17,0 мың бас).

«Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері облысқа 3 мыңнан астам шетелдік селекциялық асыл тұқымды мал әкелінді, оның ішінде 2015 жылы - 804 бас.

2015 жылы ет және ет өнімдерін экспортқа шығару 2,3%-ға артып, 2 мың тоннадан аса құрады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале