22.12.2015, 22:06
Оқылды: 27

Сыныптасына 5946 теңге айыппұл «саламын» деп, өзінің мойнына 991 000 теңге айыппұл ілінді

  Sot  Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқарып жүрген кезінде А. өткен қыста Оралда тұратын сыныптас досы Б.-ға қатысты бір «қызық» жасапты. Төңіректегі ауылдардың бірінде, әкімдіктің ауласында темекі шегіп, қоғамдық ортаны сыйламаушылық танытқаны үшін Б.-ға 5 946 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған.


Сірә, инспектор көмекшісі қызметте бір көрсеткішін көтермекші болған шығар. Алайда ол сыныптасы ондай ауылға мүлдем барып көрмеген де, сондай құқықбұзушылық жасамаған да. «Қызық» деп отырғанымыз сондықтан. Ал А. хаттама толтырғанын, әкімшілік айыппұл салғанын естен тарс шығарған.

Бұл әрекетін А. өзінің әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама мен қаулы толтыра алатын құзыреттілігін пайдалана отырып жүзеге асырған. Негізі, о баста осы жайында досына айтып ескертпекші болыпты, бірақ ұмытып кеткен. Нәтижесінде аталған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама бойынша Б.-ға қатысты атқару парағы толтырылып, сот орындаушылардың орындауына жолданған. Ол бойынша Б. сот орындау басқармасына шақырылып, одан қоғамдық ортаны сыйламаушылық танытқаны үшін 5 946 теңге көлемінде салынған әкімшілік айыппұл төлеуді талап етілгенде, ол шалқасынан түседі. Яғни, өмірінде әлгіндей оқиға жасамағынын айтып ақталған және өзіне қатысты толтырылған хаттаманың заңсыз екендігін дәлелдеу мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінген.

– Нәтижесінде А.-ның жоғарыда аталған әрекетімен құжаттардың қолдан жасағандығы және заңсыздығы әшкереленіп, қылмыстық іс сотқа жеткізілді,-дейді Ақжайық аудандық сотының бас маманы Алмагүл Құспанова.- Қызметін пайдалана отырып, қолдан құжат жасаймын деп, сот алдында ҚР ҚК-нің 416-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылған А.-ға 991 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Болат ЕСҚАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале