11.04.2016, 18:43
Оқылды: 21

Сын түзелмей, мін түзелмейді

Janibek jyin       Бүгін аудан әкімдігінде ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен жиын өтті.Жиынды аудан әкімі Мұрат Мұқаев ашып, жүргізіп отырды.

       Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму»  атты Елбасы Жолдауын түсіндіру және іске асыру мақсатында аудан деңгейінде оздырылған  талқылау жиналыстары, дөңгелек үстелдер, пікір алмасулар жайында баяндама жасады, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова халықты  әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша ауданда атқарылған жұмыстар туралы хабарлама оқыды.


       Одан соң  «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланыс торабының басшысы Шолпан Абдолова бірінші тоқсандағы атқарылған қызметі жайынан хабарлама жасады.

       Жиын барысында пошта қызметіндегі олқылықтарды түзеу мақсатында Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ертай Қарағойшиев өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.

        Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Мұрат Рахметұлы  алда ортақ маңызды мәселелерді бірлесіп шешуде іс-қимылдарымызды үйлестіріп отыру мақсатында ерінбей-жалықпай жұмыстану керектігін, халыққа һәм қоғамға қажетті салаларды қамтуда жаңашылдық, атқарылатын жұмыстарда белсенділік таныту керектігін баса айтты. Сонымен қоса,  «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланыс торабының негізгі қызметіне сынның көптігін айтып, апталап, айлап жазылған газет-жорналдарын ала алмай жүрген жерлестеріміздің жанайқайын аяқсыз қалдырмау керектігін, пошта тасымалдаушы қызметіне жұмыс сұраушылардың тұрақтамайтындығын алдағы уақытта осы бір мәселені шешуде және мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алып қайтармай жүрген кәсіпкерлермен жұмыстану бағытында орынбасарларына қадап тұрып тапсырмалар берді.

www.zhaikpress.kz

                                                                                      Ахмедияр ҚУАНҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале