30.09.2015, 10:03
Оқылды: 19

Сырлы ән толқынында

3Бөкей ордасы аудандық Мәдениет үйінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, сазгер Гүлмира Сарина «Ән-домбыра – жан серігім жасымнан» атты концертін бөкейлік көрермендерге ұсынып, сырлы әндерінің толқынында тербетті. Сонау Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы, Аңқаты ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген әнші киелі өңірге ат басын бұрып, қасиетті өлкенің перзенттерімен ақтарыла сырласты. Мүмкін бұл өлкеге біздің ата-бабаларымыз да ат басын бұрмаған шығар деп, тектілігін танытқан өнерпаз бұл шығармашылық кешіне бауыры, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, ақын Қалқаман Сарин және жас ақын Жұлдызай Ысқақовалармен бірге ән-жырға ынтазар халықты керемет әсерге бөледі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале