17.07.2015, 14:19
Оқылды: 24

Сырымда айт намазы оқылды

  Sirim ait namazi Бүгін Сырым аудандық орталық мешітінде Ораза айтының намазы оқылды.

- Отыз күн оразадан кейін жұртты жұмылдыратын, елді бірлікке шақыратын ұлық мереке – Ораза айт мейрамы құтты болсын! Мұсылман мерекелерінің қай – қайсысы болсын елді имандылыққа үндейді, игіліккке шақырады. Бүгінгі айт мейрамы да осы жағынан ерекше. – деді Сырым аудандық орталық мешітінің өкіл имамы Армат Кәрімов намазалды құттықтау сөзінде.

Ауыл ақсақалы Серік Ғабделов те жамағатты Айт мейрамымен арнайы құттықтады.

Осы күні мешіттегі арабша сауат ашудың бір айлық курсын аяқтаған шәкірттерге естелік сыйлықтар тапсырылды. Ораза айт мейрамына орай мешіт ауласында спорттық жарыстар өтуде.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале