13.01.2016, 20:49
Оқылды: 16

Сырымда асыл тұқымды мал өсіру жұмыстары талқыланды

 Sirim Асыл тұқымды мал өсіру жұмыстары талқыланды  Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында  асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту жөнінде семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске облыстан ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекцисының асыл тұқымды мал шарауашылығы бөлімінің басшысы Бейбіт Дүйсенғалиев, ҚР АШМ АӨК МИК Қаратөбе, Сырым аудандық аумақтық инспекциясының асыл тұқымды мал шаруашылығы  жөніндегі инспекоры Рафик Сенғалиев, аудан әкімінің орынбасары Төлеген Төреғалиев,  аудандағы асыл  тұқымды мал өсіруді қолға алған шаруашылық құрылымдары қатынасты.


Семинардың мақсаты  асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын оңтайлы жүргізуде іс-тәжірибемен бөлісу, малдарды сату кезінде туындайтын қиындықтарды еңсеру болды. Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев аудандағы асыл тұқымды мал өсірудің ахуалынан хабардар етті. Б.Дүйсенғалиев асыл тұқымды мал өсіру – ауылшаруашылығының басты бағыты екенін атап,  бұл жұмыстарды жүргізуде  «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» туралы Заң басшылыққа алынатынын айтты.

Қағазбастылықты азайту үшін малдың құжжатарын электорнды түрде сақтау, еттерді  7 формаларға бөлу, аудандағы алты асылтұқымды малдарды бағалап, таңбалап, сұрыптау үшін маман, зоотехник қажеттігі айтылды.

Семинар-кеңесті аудан әкімінің орынбасары Т.Төреғалиев қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале