29.02.2016, 13:01
Оқылды: 18

Сырымда ашық турнир өтті

Sirim ashik turnir   Сырым ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының 17 жылдығы құрметіне ерлер командасы арасында волейболдан ауданның ашық турнирі өтті. Жарыстың салтанатты ашылуы шарасында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар құттықтау сөз сөйледі. Спорт ардагері Ғилаж Қаналиев спортшыларға сәттілік тіледі.


Ашық турнирге ауданымыздың құрамасы және Сырым аудандық «Денсаулық» клубының командасымен қатар, Ақжайық және Қаратөбе аудандарының командасы, Орал қаласынан «Денсаулық» клубы мен «Жайық - Ет» ет өңдеу кешені» ЖШС командасы қатысты. Әуедоп бәсекесі аудан орталығының денешынықтыру – cауықтыру кешенінде өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша Орал қаласының «Жайық - Ет» ет өңдеу кешені» ЖШС қызметкерлерінің командасы жеңімпаз атанды.

 www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале