16.06.2015, 12:17
Оқылды: 28

Сырымда «Достық» лагері ашылды

Sirim balalar bylanda demalmak  Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында Бұлан ауылында аудандық «Достық» жазғы демалыс лагері есігін демалушыларға айқара ашты. Мұнда 9  ауысымда 400 бала тынығады. Лагерь бағдар­ла­масына тегін тамақтандыру, бой сергітетін ойындар, сурет салу, балалар үшін күш жинап, денсаулықтарын сауықтыратын ойын-сауық іс-шаралары және спорттық ойындар өткізу енгізілген. «Достық» сауықтандыру лагерінің ашылу рәсімінде  ҚР Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұраны шырқалды.

Лагерьдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков балаларға демалыс сәттерін жақсы өткізіп, лагерьде табысқан жаңа достармен болашақта қарым-қатынастарының үзілмеуін тіледі.

Балалардың жазғы демалыстарын қызықты өткізулері үшін тәрбиеші, тәлімгерлер  лагеьдегі әр күннің тиімді, қызықты өтуіне атсалысса, медбике мен учаскелік инспекторлар олардың денсаулықтары мен тәртіптерін қадағалап отырады.

www.zhaikpress.kz

Мәншүк Мәлікқызы,

Бұлан ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале