23.12.2015, 11:36
Оқылды: 20

Сырымда жаңа клуб құрылды

 Sirim voleibol    Сырым ауданында аудандық «Сырым денсаулық клубы» дене шынықтыру – сауықтыру қоғамдық бірлестігі құрылды. Бұл туралы кешегі өткен ауданның әуесқой волейболшыларынан құралған бастамашыл топтың отырысында белгілі болды.


    Бастамашыл топтың өкілі, аудан әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, жаңа клуб аудандағы волейбол спортының дамуын жаңа жолға қояды. Бұл үшін тұрақты құрама жиналып, құраманың ойын сапасын арттыру үшін кәсіби мамандар жұмыстанады. Клуб өзінің деңгейінде тек волейбол ғана емес, басқа да спорт түрлерінің өріс алуын қолдайды.

    Жаңа ұйымның төрағасы болып аудандық орталық аурухананың директоры, волейболдан аудан құрамасының белді ойыншысы Асхат Дүйсенғалиев сайланды.

    Бірлестік таяу арада заңды тіркеуден өтеді.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале