15.07.2015, 17:34
Оқылды: 18

Сырымда кооперативтер құрылмақ

Sirim koperativter kyriladi  Жуырда аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қонысбай Молдағалиев және ветеринарлық станцияның басшысы Әділхан Мұхитов  жергілікті әкімдермен бірге Қызылағаш, Қазақстан елді – мекендері мен Елтай ауылдық округінің орталығы Тасқұдық ауылындағы тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысы аудан бойынша селолық тұтыну кооперативін құру жөнінде болып отыр.

Мамандардың ұсынысы бойынша, селолық тұтыну кооперативі құрыла қалған жағдайда тұтас ауылдың игілігіне қызмет етеді. Әрбір тұрғын иелігіндегі аналық ірі қараны өздері сайлаған кооператив басшысына арыз жазу арқылы кооператив есебіне қағаз жүзінде тіркетеді. Осы арқылы кооператив мал басына есептеп асыл тұқымды аталық мал сатып алады. Содан кейін мемлекеттің қайтарымсыз қаржысына ие болады. Кооператив дегеннің ұтатын жері де - осы. Қайтарымсыз қаржы ортақ қазына есебінде пайдаланылады.

Кездесулер өткен жерлерде осы мәселелер түбегейлі түсіндірілуде. Күні бүгін Қызылағаш, Сасықкөл, Көгеріс, Тамды, Қазақстан және Көздіғара секілді елді – мекендер селолық тұтыну кооперативін құруға оң ыңғай білдіруде.

         www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале