27.05.2015, 19:44
Оқылды: 31

Сырымда кәсіп ашқысы келетіндер бас қосты

Sirim kasipkerlik  Сырым аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ мен «Жас Отан» ЖҚ Сырым аудандық бөлімшесі 27-мамыр күні «Нұр Отан» партиясы мәжіліс залында партияның «Мықты бизнес қуатты мемлекет» жобасы аясында ауылдық округтердегі кәсіп ашқан және кәсіп ашқысы келетін жастармен кездесті.

Аталмыш кездесуге  Кәсіпкерлер палатасының Сырым аудандық филиалының төрағасы А.Балғалиев және Сырым аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында кәсіп ашуға ниетті жастар өздерінің алдағы уақытта кәсіп көзін ашып, шағын және орта бизнеспен айналысатындықтарын жеткізсе, жаңадан кәсіп ашқан жас кәсіпкерлер осы кезге қалай жеткендерін оның кейбірлі қиында оңтайлы тұстарын жеткізді. Кәсіп ашқысы келетін жастар жаңадан бастаған жас кәсіпкерлермен кәсіпкерлік жөнінде кеңес беретін консультанттардың дәрістерін тыңдады. Және осы жиынға қатысқан жастар аудан орталығында былтырдан бері өткізіліп келе жатырған бизнес мектепке оқытылу курсына жазылды. Жиынды Сырым аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы «Жас Отан» ЖҚ Сырым аудандық бөлімшесінің төрағасы Д.Тайшиев қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

А.Шилмуханов 

           Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале