24.06.2015, 13:15
Оқылды: 22

Сырымда мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Sirim memlekettik kizmetkerler   Биыл екінші рет аталып өткен мемлекеттік қызметшілер  күніне орай Сырым ауданы әкімдігінде актив жиналысы өтті.

Жиын мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Аудан басшысы А.Шыныбеков мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық спартакиадада біздің ауданымыз жүлделі екінші орынды еншілегенін атап, Елбасының салиқалы саясатын орындауда табысты еңбек ететіндеріне сенім білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтап, жиырмаға жуығын марапаттады.

Жетікөл ауылдық округінің әкімі Саламат Иманғалиевке облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының Алғыс хатын табыс етті. Ардагер мемлекеттік қызметшілер атынан  Талдыбұлақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабырғали Оразов, аудандық мәслихат хатшысы Әнуар Ғалымов құттықтау сөз сөйледі.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале