7.07.2015, 20:15
Оқылды: 25

Сырымда мереке күні субұрқақ іске қосылды

Sirim su byrkak    6 шілде Сырым Датұлы атындағы саябақта Ел тірегі Астана күніне арналған «Астана – арман қала» атты ауыл тұрғындарына мерекелік концерт қойылды. Айтулы мерекеде мақтан болар шат қала жайлы әсем әндер шырқалды. Мереке атауымен құттықтаған аудан әкімі Абат Шыныбеков алтын орда бас қаламыз Астана қазақ елінің бағын жандырғанын мақтанышпен айтып, сүйікті қаламыз күн санап көркейе берсін деген тілегін білдірді. Дәл осы сәтте саябақ ішінен орын алған субұрқақ іске қосылды. Ауыл тұрғындары мен келген қонақтар мөлдір судан шашу шашқан субұрқақты көріп, таң-тамашалап тарқасты.

www.zhaikpress.kz

М.Мәлікқызы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале