19.05.2015, 17:37
Оқылды: 30

Сырымда «Қарлығаш - 2015» туриадасы өтті

Sirim turistik   16 – 17 мамыр күндері аралығында Сырым ауданындағы Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Қайыңтоғай туристік зонасында «Менің Отаным – Қазақстан!» оқушылардың туристік экспедициясы шеңберінде көктемгі «Қарлығаш – 2015» аудандық туриадасы өтті. Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығымен орайластырылған бұл шараға аудан мектептерінен барлығы 10 команда қатысты.

Осымен рет оздырылған «Қарлығаш – 2015» туриадасы Қазақ хандығының 550 жылдығы,Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты ірі мерейтойларға арналып отыр.

Жалпы командалық есеп бойынша I-ші орынды Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп, II-ші орынды А.Жұмағалиев атындағы орта мектеп, ал III- ші орынды Талдыбұлақ орта мектебі иеленді. Жекелеген сайыстар бойынша үздік болған мектептер де бар.

Туриада жеңімпаздары жарысты ұйымдастырушы «Жас туристер станциясы» мекемесінің арнайы дипломдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаз командаға  «Қарлығаш -2015»  туриадасының ауыспалы кубогы табысталды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале