3.10.2015, 11:20
Оқылды: 29

Сырымда құс өсіруді қолға алды

Sirim kaz osirudu kolga aldi    «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020»  бағдарламасының ІІ бағыты аясында ауданға 2015 жылы 20 адамға 43,0 млн теңге бөлініп, қазіргі уақтта 16 адам 32,5 млн несие алып, нәпақасын тауып жатыр. Мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлікті қолға алып, шаруасы шырқ айналдырған жандардың бірі Талдыбұлақ ауылының  тұрғыны Қобдықов Нұрболат құс өсіруді қолға алды. Біраз жылдар бойы жүргізуші болып қызмет атқарған Нұрболат «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге несие алып, алынған несиесіне 500 қаз бен 500 үйректің балапанын және 100 тауықты балапанымен  көктем айында сатып алған. Қазір 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың еңбекақыларын төлеп, Келешекте құс шаруашылығын кеңейткісі келіп отыр. Құстарды күтіп баптайтын 2 қызметші бар. Әзірге  қаздар ауыл маңайында жайылып жүр. Ал үйрек пен тауық үйде  бағылуда. Оларға арнайы бұлақтан су тарттылып қойған. Аудан орталығында өткен жәрмеңкеге қаз еті сатылып, тауықтың жұмыртқалары саттыққа қойылып келеді. Күз айында құс еттерін семіртіп сатады. Нұрболат келешекте осы кәсіпті кеңейтуді қолға алып отыр.

www.zhaikpress.kz

Мәншүк Ерниязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале