2.12.2015, 11:10
Оқылды: 19

Сырымда ұлт өкілдері ән салды

Sirim Ylt okilderi an saldi   Сырым аудандық «Демалыс орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай «Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның таңдауы» атты өзге ұлт өкілдері арасында облыстық ән байқауы өтті.

Сырым ауданы әкімдігі мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен достық пен бейбітшілікті нығайту, қазақ мәдениетін өрістету мақсатында ұйымдастырылған байқауға Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Тасқала, Теректі және Сырым аудандарынан 7 бірдей әуесқой әншілер қатысты.


 

Қатысушы өзге ұлт өкілдері байқау шартына сәйкес қазақ сазгерлерінің әні мен өз ұлтының әнін орындады.

Байқауға халықаралық ән байқауларының лауреаттары, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері Марат Сарбөпеев, Еркін Өтегенов,  облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Батырхан Қайыров төрелік етті.

Қазылардың ұйғарымымен Жаңақала ауданынан келген Айбар Негаев бас жүлдені иемденді. Бөрлілік Виктория Суханова І орын, теректілік Анна Боробулина ІІ орын ал сырымдық Светлана Каратаева ІІІ орын  алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале