25.02.2016, 12:06
Оқылды: 19

Сырымда 7 көлікке айыппұл салынды

 SirimKolikke ayippul  Сырым ауданы көлемінде көліктегі апаттылықты төмендету мақсатында «Қауіпсіз жол» атты жедел – профилактикалық іс – шарасы жүргізілуде. Бұл туралы Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция инспекторы Бейімбет Бекет хабарлады.


Іс – шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары арнайы техникалық құралдар мен жылдамдық режимін бұзушылықты тіркеу аспаптарын пайдаланып, қоғамдық көліктердің, әсіресе такси жүргізушілерінің жол жүру ережелерін сақтауын қадағалауда. Оқиғалардың өзі көрсетіп отырғандай, адам шығынына да, адамның денсаулығына нұқсан келуіне де – жоғарыда айтылған жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктердің қозғалысы себеп болып отыр.

Жедел – алдын – алу шарасы арқылы жол жүру ережесіне енжар қараған көлік иелері көптеп анықталып отыр. Жолаушы тасымалымен айналысатын 7 бірдей көліктің қожайынына әкімшілік айыппұл салынды. Егер көлік жүргізу кезінде сақтық шараларына салғырт қарайтын болсаңыз айыппұл төлеушілердің қатарын Сіз де толықтыруыңыз әбден мүмкін, құрметті автокөлік жүргізуші! Айыппұл төлеген ештеңе емес, аңдамасаңыз адам тағдырына да кесіріңіз тиюі ықтимал. Сондықтан, көлік жүргізгенде аса мұқият болыңыз!

     www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале