7.09.2015, 11:06
Оқылды: 37

Сырымдықтардың сазды сәлемі

ZH    Қала күнінің құрметіне Сырым ауданының көркемөнерпаздары Қадыр атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында концерттік бағдарлама қойды. Сырымдықтардың сазды сәлемін тамашалауға келген көпшілік қарасында қисап болмады.

 

Қала тұрғындарын аудан әкімі Абат Шыныбеков және Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров құттықтады.

«Сырым елі – өнер ордасы» атты мәдени – сазды бағдарламаның негізгі мазмұны Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты мерейтойлар мен өңірдің тумалары Қадыр Мырзалиев және Абдолла Жұмағалиевтің шығармашылығын насихаттауға арналды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале