6.07.2016, 13:54
Оқылды: 20

Сырымдық велошерушілер құрметі - Астанаға

FB_IMG_1467816006384Астана күні мерекесін сырымдықтар ерекше екпінмен өткізді. Аудан орталығының бүлдіршіндерінен бастап жасы егде тартқан қазыналы қариясына дейін Аралтөбе ауылына шығатын жол мен Сырым саябағы аралығында ұйымдастырылған велошеруге қатысты.


FB_IMG_1467816023631Велошерушілер ақ жейдемен, қолдарына ту ұстап, «Астана күні құтты болсын!», «Қазақстанымыз жасасын!» деп ұрандатып, Алашорда, С.Датов, Амангелді көшелерімен жүріп өтті.

FB_IMG_1467816042941Сырымдық велосипедшілер Астанаға деген құрметін, сүйіспеншілігін осылай білдірді.
Сырым саябағына келіп, табан тіреген велошерушілерді аудан әкімі Абат Шыныбеков Елорданың туған күнімен құттықтады. Велошеруге түгел қатысқан дәрігерлер отбасы Меңдешовтер, белсенділік танытқан аудандық аурухана ұжымы және ардагер велосипедші Ысқақ Күрпілдесов, жас қатысушы Ахмедияр Нигматуллиндерді аудан басшысы марапаттап, сыйлық табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Cырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале