9.07.2015, 9:18
Оқылды: 17

Сырымдық жас футболшылар жарысқа аттанды

Sirim-jas-futbolshilarОблыстық «Coca Cola Былғары доп» турнирінде доп тебуде дес бермей,  бірінші орынды қанжығаға байлаған Сырым ауданының жасөспірімдер командасы  Қарағанды қаласында өтетін республикалық «Coca Cola Былғары доп» турниріне жолданған болатын.

Облыс намысын қорғауға аттанғалы отырған жас футболшыларды салтанатты шығарып салу рәсімі Қадыр Мырза Әли ескерткіші алдында өтті. Шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков, ата-аналар, мекеме басшылары қатысты. Аудан басшысы жас спортшыларға аудан, облыс намысын қорғауда сәттілік, ақ жол тілеп, Қадыр Мырза Әлидің бейнесі бар бас киім мен жейдені естелікке табыс етті. Ардагер спортшы Ғилаж қаналиев ақ батасын берді.

Жаттықтырушы Ерлан Шүкіров баптаған 18 жас футболшымыз шілде айының 10-18 күндері алаңда теңбіл доптың айқасына түсетін болады.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале