3.06.2016, 10:16
Оқылды: 33

Сырымдық түлектер білімдерін сынамақ

Syrym UBTБүгін Сырым ауданында 2016 жылғы мектеп түлектері үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды.


№770 ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының №52 филиалының жетекшісі Шыңғыс Ақшиевтің айтуынша, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында аудан бойынша 154 оқушы бақ сынайды. Олар аудан орталығындағы Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінде 3 бірдей аудиторияда тестілеу жұмыстарын орындайды.

Осы жылы 8 түлек «Алтын белгі» білім сапасына үміткер болып отыр.

Түлектерге аудан әкімі Абат Шыныбеков және. Білім және ғылым министрлігі өкілі Буралкиев Қасым сәттілік тіледі.

Тестілеу қорытындысы түстен кейін белгілі болады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале