9.03.2016, 11:18
Оқылды: 38

«Сырым аруы -2016» атты дәстүрлі байқауы өтті

Sirim arui baikaui   Сырым аудандық мәдениет үйінде 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Сырым аруы -2016» атты дәстүрлі байқауы өтті. Арулардың ақылы  - танымы мен ажар – талғамын сынға салған бұл байқауға ауданның 8 бірдей бойжеткені қатысты.


Қатысушы арулар таныстыру, сұрақтарға жауап беру, өнер кезеңі және сән үлгісі сияқты сайыс шарттарынан өтті.  Осы кезеңдер әрбір бойжеткеннің ой – өрісін, таным – талғамын, білім – білігін анықтауға жеткілікті болған да сияқты. Ұйымдастырушылардың бір ұтқан жері деп арулар сайысының «Қыз бала – болашақ келін, отбасының ұйытқысы!» атты кезеңіндегі ұлттық креативті амалын айтуымыз керек. Бойжеткендер осы сайыста арнайы алаңға барып, сиыр сауудан бәсекеге түсті.

Сұлулар сайысына аудандағы педагог мамандар, мәдениет қызметкерлері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша жымпитылық Ақерке Мұсаева «Сырым аруы - 2016» атанды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Шерім

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале