27.05.2016, 18:53
Оқылды: 20

Сырым аудандық қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтті

Sirim jinalis Abat Kylshar   Бүгін Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кеңес төрағасы Әнуарбек Ғалымовтың төрағалық етуімен аудандық қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтті. Кеңес отырысына аудан әкімі Абат Шыныбеков,  облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық мәлихаттың депутаты Ғанимат Нұрмұханов,  аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева қатысты.


   Отырыстың күн тәртібінде 2020 жылға дейінгі Сырым ауданын дамыту жоспары талқыланды. Дамыту жоспарымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұса Шалабаев таныстырды. Мұса Кеңесұлының айтуынша, даму жоспары экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік сала және ауыл аумақтарды дамыту мен экология бағыттарын қамтиды. Аудан әкімі Абат Шыныбеков жоспарды жүзеге асыруда әріптестерінен ыждағатты, жауапты әрі патриот болуды талап етті.

   Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдық кеңестің мүшелері ұсыныстар білдірді. Кеңес мүшесі Сайлау Үкиеваудан орталығынан ветеринарлық дәріхана ашу жөніндегі ұсынысын айтты.   Талдыбұлақ ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Оразов даму жоспарын орындау кезінде Ақсай – Жымпиты ауданаралық жолын жөндеуді негізгі маңызға қоюды сұрады. «Нұр шуағы» бірлестігінің төрайымы, кеңес мүшесі Гүлбақша Ерғалиева аудан орталығындағы балабақша салу мәселесін жеделдету  керек деп есептейді. Бұл мәселе де ауданның алдағы төртжылдықтағы даму жоспарында бар.

   Ағымдағы жағдайдың талдауына назар аударсақ, аудандағы мектептердің барлығы тегістей ғаламтор жүйесіне қосылған. Тіпті осы мектептердің 13 пайызы кең жолақты интернет арқылы жұмыс жасап тұрған көрінеді.  Дегенмен, кейінгі кезде аудан мектептеріндегі ғаламтор жүйесінің сапасы шағым көбейді. «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының  орынбасары Талғат Дарғожиев  осы мәселені біржақты қылу керектігін айтты. Аудан басшысы мектептердегі ғаламтордың сапасыз екендігін жоққа шығарған жоқ.

    Отырыстың күн тәртібінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аудандық іс – шаралар жоспарының орындалу барысы баяндалды.

    Жиынның қорытындысында аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар сөз сөйледі.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале