27.07.2015, 19:43
Оқылды: 28

Сырым ауданында «Адам саудасының алдын – алу және оны болдырмау үшін ақпараттық түсініктеме жұмыстарын жүргізу» атты семинар өтті

Sirim adam saudasi  «Әйелдерді қолдау орталығы» аймақтық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысына сәйкес Сырым ауданында «Адам саудасының алдын – алу және оны болдырмау үшін ақпараттық түсініктеме жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасының шеңберінде семинар өткізді. Семинар жұмысына аудандағы кейбір мекеме басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан – географиялық орналасуы жағынан көптеген елдермен шекаралас болғандықтан, адам саудасының құрбанын тағайындау, оны сыртқа шығару жағынан транзитті тиімді ел болып отыр. Адам саудасы құрбандарының көпшілігі еңбек құлдығына жегіледі.

Батыс Қазақстан облысында адамдардың жеке бас бостандығын бұзу мәселесі негізінен жыныстық саудаға, яғни жезөкшелікке қатысты болып отыр. «Тірі тауар» деген бұл індеттің азабын көбіне сәтсіз жанұялардың балалары тартады.

-        Осы қылмыспен күресуге, оның алдын – алу және болдыртпауға тек құқық қорғау органдары немесе осы мәселемен айналысатын ұйымдар ғана емес, бұл жайсыз құбылыстың жойылуына жалпы халық жұмылуы тиіс. – дейді семинарды ұйымдастырушылар.

Семинар барысында қоғамдық ұйым өкілдері әлеуметтік желілердің бетінде еңбек құлдығынан сақтандыру жөніндегі әлеуметтік роликтерді көбейту, жұмысшымен еңбек келісімшартын жасамай, заңнан аттап жүрген кәсіпкерлерге түсінік жұмыстарын жүргізу секілді ұсыныстарды айтты. Негізгі тақырыпқа байланысты бейнебаяндар көрсетіліп, олар ортақ талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар сертификаттарға ие болды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале