19.05.2015, 17:39
Оқылды: 33

Сырым ауданында балдырғандар байқауы өтті

 Sirim bobekter sayisi   Аудандық мәдениет үйінде білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығын дамыту мақсатында балабақшалар мен шағын орталықтардың 3-5 жастағы тәрбиеленушілері арасында аудандық «Айгөлек» байқауы өтті.

    Байқауға ән жанрынан 12,  батырлар жырын мәнерлеп оқудан 13 бала қатысып, бақ сынаса, би жанрынан 9 би сынға түсті.

    Фестивальді аудандық білім беру бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Аманғалиев пен «Демалыс орталығының» директоры С.Тоқмамбетов сөз сөйлеп ашты.

    Байқаудың қорытындысымен мәнерлеп оқу сайысынан «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқыған ЖББ Көздіғара негізгі мектебі жанындағы шағын орталық тәрбиеленушісі Наз Ғимран бас жүлдені жеңіп алды. Ән жанрында «Қазақстан» әнін шырқаған ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің тәрбиеленушісі Аружан Жолдығұлова топ жарды. Кішкентай бишілер арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Катюша» биімен бас жүлдені қанжығаға байлаған «Балдырған» балабақшасы болды. Жүлдегерлерге диплом мен сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале