13.01.2016, 23:11
Оқылды: 21

Сырым ауданында облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшардың қатысуымен актив жиналысы өтті

  Sirim M Kylshar «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшардың қатысуымен «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда:Өсім, реформалар, даму» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бағытында актив жиналысы өтті. Жиынға аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Абат Шыныбеков төрағалық етті.


Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты сөз сөйлеген облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар Елбасы саясатының алтын қазығы – ел ішіндегі бірлік екендігін екпін түсіріп тұрып айтты. Жаңа жолдау да, Елбасының ұлт жоспары турасындағы мақаласы да қазақстандықтарды жаңа игіліктерге ынталандырады. Елдің игілікке жетуі үшін әркім еңбектену керек. Облыстық мәслихаттың хатшысы аудан белсенділерін халық арасында осындай ұстанымды насихаттауға шақырды.

Аудан активі ауылдық тұтыну кооперативтерінің жұмысын жандандыру, жергілікті кәсіпкерлерді жеке балабақшалар салуға үндеу сияқты нақты мәселелер бойынша ұсыныстар айтты.

Жиналысты аудан басшысы Абат Шыныбеков қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале