29.04.2016, 11:28
Оқылды: 22

Сырым ауданында «Сырым елі» атты жаңа кітап таныстырылды

Sirim fotoshejire     Сырым ауданында «Сырым елі (фотошежіре)» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Кітапта Кітаптың құрастырушысы – жергілікті газеттің тілшісі Бауыржан Ширмединұлы.


     Жаңа кітап Орал қаласындағы «VESTA» баспасынан 30 дана болып басылып шықты.  114 парақтан тұратын жинақты дайындау үшін жергілікті фотографтардың туындылары, сондай – ақ «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің және аудандық тарихи – өлкетану музейінің жеке қорындағы суреттер пайдаланылды. Шығармашылық топтың құрамында ҚР Журналситер Одағының мүшесі, Рафхат Халелов, Ақеділ Нұрмашев пен Бауыржан Ширмединұлы сияқты әуесқой фотографтар бар. Жинақ «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылыұ орталығы» МКҚК тапсырысы бойынша дайындалды. Алдағы уақытта кітапты көп данамен бастыру жоспарлануда.

     Жинақты ауданның зиялы қауымына аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов таныстырды.

www.zhaikpress.kz

Б. Шерім

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале