25.08.2016, 10:56
Оқылды: 58

Сырым ауданында үздік мектептер мен мұғалімдер марапатталды

Сырымда уздик мугалимдер марапатталды   Сырым аудандық мәдениет үйінде тамыз кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Аудан мектептерінің жетістіктері фойедегі көрме арқылы көрсетілді. Шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіптік  білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  директоры Аягөз Хамзина, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева  қатысып, баяндамалар жасады.


   «Ұлттық бірыңғай тестілеуде үздік нәтиже көрсеткен мектеп» аталымына ие болған Қособа орта мектебі, «Үздік тәжірибе таратушы мектеп» атанған Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп, «Ата-анамен үздік жұмыс ұйымдастырушы мектеп» атанған Абай орта мектебі, «Үздік негізгі мектеп» аталымын жеңіп алған Қызылағаш негізгі мектебі, «Үздік мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескесі» аталымын еншілеген  Бұлан орта мектебіне аудан басшысы А.Шыныбеков  жүз мың теңгелік сертификат табыс етті.

   ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» Сырым колледжінің оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Ж.Жоламанов, министрліктің  Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің алғыс хатымен Қ.Аманғалиев марапатталды. Облыстық білім басқармасының «Білім беру жүйесінің  жағдайы мен дамуы туралы үздік аудандық баяндама» атты облыстық байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Б.Жанболсынов, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен  Бұлдырты орта мектебінің  биология пәнінің мұғалімі Л.Сәрсенғалиева марапатталды. Облыстық «Үздік педагог» байқауының жүлдегері,  Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тұржігітоваға облыстық білім басқармасының  ІІІ дәрежелі дипломы мен ұялы телефон табыс етілді.  Бірқатар ұстаздар аудан әкімінің алғыс хатымен, аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ардагер ұстаздар мен жас ұстаздарға сый-сияпат жасалды.

   Салтанатты шара бүлдіршіндердің өлең оқыды. «Ұстазым» әнін жаппай залдың шырқауымен мәжіліс мәресіне жетті.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале