30.05.2016, 17:44
Оқылды: 21

Сырым ауданында әкімдер сайлауы өтті

sailauБүгін аудандық Мәдениет үйінде Сырым ауданының Аралтөбе және Жетікөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.


 Ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлерге аудандық мәслихат депутаттары дауыс берді.

Дауыс беру және дауыстарды санау аяқталғаннан кейін Сырым аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асланбек Сарқұлов әкімді сайлау жөніндегі дауыс берудің нәтижелерін жариялады.

Аудандық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Аралтөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Мұхамбетжанов Жанболат Мұратжанұлы мен Жетікөл ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Ғабдуллин Салауат Сапаұлы таңдаушылардың толық дауысын жинады.

Сайлау қорытындысы аудан әкіміне ұсынылады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале