2.06.2016, 11:38
Оқылды: 32

Сырым ауданында «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік концерт өтті

Sirim balalar   Сырым ауданындағы психологиялық - педагогикалық кабинеттің ұйымдастыруымен  1 - маусым Балаларды қорғау күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік концерт өтті.


   Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру және оңалтумен айналысатын кабинеттің жұмыс жасай бастағанына биыл 10 жыл толады. Осы 10 жылдың ішінде 100 – ге тарта бала мекеменің тәрбиесінен өткен. Биылғы оқу жылының өзінде осы мекемеден 53  бала психологиялық – дефектологиялық көмек алыпты. Мекеме педагогтарының еселі еңбегінің нәтижесінде осы балалардың 7 – еуі даярлық сыныбына, ал 13  бала жалпы білім беру мектептеріне   жолданды. 3 бала түзеу – дамыту жұмыстарын қажет етпейтін жағдайға дейін сауыққан болғандықтан мекеменің есебінен шығарылды. Бірер жылдың қорытындысының өзі осындай.

    Кабинет меңгерушісі Аида Ниязғалиеваның айтуынша, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың тағдыры жылма – жыл мемлекеттік маңызға алынып келеді. Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептерде арнайы логопед дәне дефектолог мамандар үшін бірліктер ашылса, кешегі оқу жылынан бастап түзеу сыныптары, мектепалды даярлық ұйымдарында инклюзивті кабинеттер жұмыс жасай бастады. Аудандағы «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің жұмысы да кабинетпен мазмұндас.

    Мекеме ауласында өткен мерекелік шарада аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтау сөз сөйледі.  Қоғамды баланы тәрбиелеу арқылы, өзінің болашағын жасайды. Әрбір бала өзінше бір тәрбиеге мұқтаж. Мәселе даму мүмкіндігі шектеулі балаларға тірелгенде тіпті нәзік бола түседі. Бұл балалардың сауығып, қатарға қосылуы жолында  ауданымыздағы психологиялық - педагогикалық кабинеттің еңбегі ерен. Аудан әкімі осыны айтты. Кейін аудан басшысы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға демеушілік көрсеткен аудан кәсіпкерлеріне алғыс хат тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале