3.09.2015, 19:15
Оқылды: 24

Сырым ауданы жастарының активімен кездесті

Sirim jastar baskarmasi   Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азамат Айтуов пен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Кенесары Нұршинов Сырым ауданы жастарының активімен кездесті. Кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Кездесуде Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жұмысы туралы осы мекеменің басшысы Досжан Тайшиев хабарлама жасады. Бұл орталық қазіргі жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, оларға заңгерлік көмек беру және жастар кәсіпкерлігін дамыту бағытында жаңашыл жұмыстарды жүргізуде. Орталық мамандары жастармен жұмыс жасаудың бір жаңалығы деп – мекенжайлық кездесулердің жиілеуін айтады.

Ауданымыздағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кадрлық құрамында теолог маман бар. Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азамат Айтуов өзінің сөзінде, осы тәжірибені екпін түсіріп, атап өтті.

Жастар саясатының облыстағы өкілдері аудан жастарын бірқатар мәселелерді бірлесе талқылауға шақырды. Оның ішінде, елдің есті адамдарын ерекше алаңдатып отырған – қазақ қыздарының жасанды түсік жасату мәселесі.

Сырымдық жастар да өз кезектерінде ойлы әңгімелерді айтты. Оның ішінде, жастарды еңбекке ынталандыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жетілдіруді қажет ететін тұстары туралы жақсы сөз болды. Ауылшаруашылық мамандарының еңбек тәжірибесі үшін жеке шаруа қожалықтарының мүмкіндіктерін пайдалану, техникалық мамандықты игерген жастарды жарнамалау сияқты ұсыныс көтерген Сырым ауданы жастарының активі өз уәждерін орынды санайды.

Жастардың ұсынысын аудан әкімі Абат Шыныбеков толықтырды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале