11.10.2016, 17:41
Оқылды: 22

Сырым ауданы күнінің алғашқы шарасы (Фото)

%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%88%d2%9b%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%8b-01  Аудан  күнінің алғашқы шарасы Сырым Датұлы атындағы саябақтан бастау алды. Мұнда ауданға ұзақ жылдар жылдар бойы еңбегін сіңірген ардагерлер бас қосты. Олар батырдың рухына тағзым етіп, аудан әкімі Абат Шыныбековпен бірге ескерткішке гүл шоқтарын қойды.


   Жылдан-жылға абаттандырылу ауқымы кеңейіп, көркейіп келетін Сырым саябағында Тәуесіздіктің 25 жылдығына орай «Ардагерлер аллеясы» ашылды. Дала сахнасында «Тәуелсіздікпен түлеген мекен» атты салтанатты шара өтті.%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%88%d2%9b%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%8b-02

   Аудан әкімі Абат Шыныбеков елді  Тәуелсіздіктің ширек ғасырға аман жетуімен, аудан
күнімен құттықтады. Абат Абайұлы ауданның ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін, жазғытұры басталып, әр сенбі сайын ұйымдастырылып келетін ауыл шаруашылығы  жәрмеңкесіне өнім шығаруға белсене қатысқан тұрғындарды марапаттады.  Пайғамбар жасына келген Құсайын Бақтияровты зейнеткерлікке шығуына орай аудан әкімі марапаттап,  иығына шапан шапты.

 Құнан бәйгеде қаратөбелік Исақұлов Қадоктың Сымбат есімді сәйгүлігі бірінші келді. Көздіғаралық Қ.Үбішевтің Телжирені екінші келсе, бұлдыртылық Н.Байырғалиевтің Тыртық атты  жылқысы үшінші келді. Құнан бәйгеге Құсайын Бақтияров алпыс үш жасына орай 63 000 теңге тікті.

%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%88%d2%9b%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%8b-05

 Дала төсін дүбірге толтырып, аламанда жеті айналыммен  қазақы аттар шапты. Мұнда бәйге алған алған жосалылық А.Ақшолақовтың Мырзаторысы болса, екінші орында Найзағайы келді. Ал, аламанның үшінші бәйгесі ақжайықтық Н.Нұртаеваның Тауторысына бұйырды.

 Ал, таза қанды аттардың бәйгесінде ақажайықтық Қ.Берғазиевтың Балақасқасы бірінші жүлде алды. Қаратөбелік Ғ.Мақановтың қызыл тайы екінші, аралтөбелік М.Төреғалидың Думанторысы үшінші келді. Бәйгеден орын алған аттардың иелері тоңазытқыш, смарт ТВ, кір жуғыш мәшине сынды бағалы сыйлықтармен марапатталды.

%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%88%d2%9b%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%8b-03

 Сырым жастары» ЖҚБ мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен лотерея ойындары ойнатылды. Ұтысқа тұрмысқа қажетті бұйымдар, ауылшаруашылық өнімдері, ұялы телефон бірліктері және ең басты ұтысқа қой тігілді. Қой ұтып алған тұрғын – Ф.Серікқалиев болды.

  Қазақша күрестен Талдыбұлақ ауылының палуаны Темірлан Көлбаев жауырынын жерге тигізбей, түйе палуан атанып, 100 000 теңгені иеленді. Ал, екінші орын алған  жымпитылық палуан Темірлан Ғаббасов 70 000, өлеңтілік Айбол Оразғалиев үшінші орын мен 50 000 теңгеге қол жеткізді. Қой көтеруден Т.Ғаббасов жеңіске жетіп, сол қойдың иесі атанды.

%d0%b0%d1%82-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81-4

   Сондай-ақ, ұлттық ойындар қатарында арқан тартудан, қол күресінен жарыс болды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале