19.06.2015, 10:49
Оқылды: 171

Сырым ауданы әкімінің аппараты

Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 24-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8-(71134) 22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: [email protected], бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

                                                                                                          

1 Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы, E-R-1 санаты (жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 119 954 – 156 314 теңге)

Функционалдық міндеттері: Аудандағы білім беру жүйесінің қалыпты жұмыс жасауы мен оны жетілдіруді қамтамасыз ету. ҚР «Білім туралы» Заңының аудан бойынша орындалуына басшылық жасау. Аудандық білім беру бөлімінің жұмысын басқару, жетілдіру. Мектептердің жұмысына талдау жасау. Білім беру қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеруін және аттестациядан өткізілуін қамтамасыз етеді. Аудан мектептерін күрделі жөндеуден өткізу, білім саласын дамыту жоспарын жасау, мектепке дейінгі тәрбие және білім мен мектептен тыс мекемелер басшыларын тағайындау және қызметтен босату,ауданға оқу орындарын бітіріп келген жас мамандарды жұмысқа орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу. Аудан мектептерін және мектепке дейінгі білім беру мекемелерін аттестациядан өткізуді ұйымдастыру. Бөлімнің жұмысын үйлестіру. Өз саласы бойынша келіп түскен азаматтардың арыз-шағым, өтініштерін қарау және жауап беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім. Білім саласының мамандықтары бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

- жоғары немесе оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша ҚР Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесінің болуы;

- мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарды жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.

  1. Жосалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-есепші (уақытша-негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болуы), E-G-3 санаты (жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53 813-72 391 теңге)

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну. Тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақтылы қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу, төлеу. Қаржы және аппарат есебіндегі құнды заттардың есебін жүргізу, сақталуына бақылау жасау, жыл аяғында инвентаризация өткізу. Жұмсалған қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуін, олардың заңдылығын қадағалау. Бухгалтерлік, статистикалық есептерді уақытында жасау және тапсыру. Қызметкерлердің жалақысынан тиісті төлемдерді зейнетақы қорларына аудару. Қаржының мақсатты және дұрыс жұмсалуын қадағалау. Округ көлеміндегі шаруашылық жүргізуші заңды және жеке тұлғалардан бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуына ықпал жасайды. Мүлікке есеп жүргізеді, бір жолғы төлемдерді жинайды. Мемлекеттік мекемелер мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерін материалдық техникалық жағынан қолдау және қамтамасыз ету; округ көлеміндегі мектеп оқушыларының тасымалын ұйымдастыру. Күрделі жөндеу жұмыстарының, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру мен абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінетін қаржылардың жұмсалуын бақылау. Ауылдық округ әкімі аппартының теңгерімінде тұрған үйлердің есебін жүргізеді, онда тұрып жатырған тұрғындармен келісім-шарт жасайды.

  1. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты (жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53 813-72 391 теңге)

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратында алынған өкім, шешімдердің жобаларын дайындауда ҚР заңдарына және Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының регламенттеріне сәйкес дайындауды жүзеге асырады. Ауылдық округ әкіміне келіп түскен, әкім қабылдауында болған, жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағым, өтініштерге жауап беру. Ауылдық округ бойынша әскери міндеттілерді әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру. Тұрғын үй құрылысы үшін жер сұраушылардың есебін жүргізу /кезекке қою, нысаналы мақсатта пайдалануын қадағалау. Округ көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау /діни бірлестіктер, ардагерлер кеңесі, «Сырым жастары», т.б/. Округ көлемінде өткізілетін мәдени – спорттық шараларды ұйымдастыру /клуб, кітапханалармен жұмыс/. Округ әкімінің өткізетін жиналыстарын және комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, хаттамалар толтыру. Округ бойынша сараптамалар жасайды, хабарламалар, анықтамалар, есептер дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білім.

  1. Сарой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты (жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53 813-72 391 теңге)

Функционалдық міндеттері: Округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар жоспарн дайындау, орындалуын ұйымдастыру. Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау. Елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастыру.Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белігілеу туралы шешімдер қабылдау.Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі бас ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау. ҚР Заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринарлық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету. Округтегі мал қозғалысының есебін жүргізіп, ай сайын аудандық статистика басқармасына тапсыру. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ақпараттар жинау, әзірлеу, тиісті органдарға ақпараттар беру. Төтенше жағдайлар жөніндегі шараларды іске асыру. Округ көлеміндегі шаруашылық жүргізуші заңды және жеке тұлғалардан бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуына ықпал жасау. Мүлікке есеп жүргізу. Біржолғы төлемдерді жинау. Шаруашылық кітабын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) 3х4  үлгідегі фотосурет

3) өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама;

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері,

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі,

6) денсаулығы туралы анықтама (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (ҚР нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде №6697 болып тіркелген) нысандағы;

7) ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

8) Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекен жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды  электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі. Осы құжаттардың түрнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Сырым аудан әкімі аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале