9.02.2016, 14:58
Оқылды: 31

Сырым ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтті

Akim Sirimda   Аудандық мәдениет үйінде Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбековтың халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Қорытынды есеп беру жиналысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімдігінің өкілдері және басқармалар мен кәсіпорын басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Жиналыстың ресми бөлімі басталғанша қатысушылар назарына Сырым ауданының 2015 жылдағы әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі бейнефильм көрсетілді.


Бүгінгі күннің тәртібіне салық базасын кеңейтудегі мүмкіншіліктерді пайдаланып, мүлікті жария ету мәселесі өткір қойылып жүр. Сырым ауданында 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталған мүлікті жария ету жұмыстары барысында 27 мүлік 136, 9 теңгеге жария етілді.

Жымпиты ауылын сумен қамту үшін қосымша 2 су ұңғымасы, Қарағанды, Алғабас ауылдарына 2 ұңғыма қазылды. Жымпитыдағы ауылішілік жолдарды жөндеу көптен бері көкейден кетпей жүрген шаруа еді. Осы жұмыстар былтыр жасалып, ауыл ішіндегі көшелерге 2, 5 шақырым асфальт төселді. Бұдан бөлек, Жымпиты – Қаратөбе автожолының 25 шақырымы, Бұлдырты ауылының кірме жолына 8 шақырым қатқыл табанды асфальт салынды.

Ауданның ауылшаруашылығы саласындағы бір жаңалық – 13 бірдей селолық тұтыну кооперативтерінің құрылуы. Бұл кооперативтер жеке тұрғындардың 1550 бас ірі қара малдарын біріктіріп, селекциялық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Сырым ауданында 6 шаруа қожалығы мал басын асылдандырумен айналысады. Бұл қожалықтардың иелігінде 1493 асыл тұқымды мал басы бар. Аудандағы мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың біразы өздерінің материалдық – техникалық базасын жаңғырту және салу жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Биыл аудан орталығында жолаушыларға арналған көп салалы автокешен, 2 асхана, 2 супермаркет, 2 газ құю бекеті, Шідерті, Аңқаты өзендерінің бойынан жолаушыларға арналған кемпингтер салыну жоспарлануда.

Бүгінгі күні аудан халқының 92 пайызы көгілдір отынмен қамтылды.

Аудан басшысының жұмысын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та оңынан бағалады.

«2015 жыл – еліміз үшін ерекше жыл болды, осы жылы елде елеулі қоғамдық – саяси шаралар көптеп өтті. Елбасының Жолдауында көрсетілген межелер, мемлекет басшысының берген тапсырмалары, әкімдердің жұмыс жоспарлары, барлығы да - халықтың әл – ауқатын көтеруді, елдің экономикасының дамуын, әр саладағы мемлекеттік қолдаулардың артуын, сол бағдарламалар арқылы елдің оң дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл бағытта елде біраз істер атқарылды. Жаңа жоспарларды естідік. Осы жақсылықтар өзінің жарасымды жалғасын тапсын!

Адам баласы біржақты көзқараста болмауы керек. Біткен жеріміз осы деп базынаға баса беруге де болмайды, сол сияқты, толдым, жетілдім, болдым деп айтуға да болмайды. Не нәрсенің де байыбын түсініп үйрену керек. Таразының басын тең ұстаған дұрыс! Бізге керегі ұстамдылық, ірілік! Елге амандық тілеймін! Бір – бірімізбен «Сіз!», «Біз» десіп жолығуға жазғай! – деді облыс әкімі өзінің қорытынды сөзінде.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале