18.02.2016, 13:16
Оқылды: 47

Сырым ауданы әкімі «Отты жылдар жаңғырығы» атты анықтамалық кітапты таныстырды

 Sirim kitap akim  Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбеков аудандық қоғамдық кеңестің отырысына «Отты жылдар жаңғырығы» атты анықтамалық кітапты таныстырды.  Екінші дүниежүзілік соғыстың көзін көрген куәгерлер, бүгінде арамызда жоқ ардагерлер және от ортасынан оралмаған боздақтарды түгендеу мақсатында жазылған жаңа кітаптың өңір үшін жаңалығы мол.


Бұрынғы жарық көрген деректерде соғыста от кешкен сырымдықтардың саны бір 3501 делінсе, бірде 3901 деп түрліше беріліп келді. Осындай жағдай хабарсыз кеткендердің санында да бар. Кітаптың шығармашылық тобының өкілі Серік Зиятовтың жазуынша, кітапты құрастырушылар Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің «Мемориал» сайты арқылы және жинақтың жұмысына араласқан ауылдық округтердегі тарихшы, өлкетанушылардың көмегімен ауданымыздан соғысқа аттанғандардың саны жөніндегі деректі жаңадан түгендеген. «Отты жылдар жаңғырығы» атты анықтамалық кітапта 4200 жауынгердің есімі аталады. Біразының суреті мен қысқаша өмірбаяны бар. Жинақ аудандық мұражай мен жергілікті газеттің қорындағы майдан хаттары, ардагерлердің өмір жолы жайлы мақалалар және фотосуреттермен толыққан.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков жаңа кітаптың маңыздылығын ерекше атап өтті және шығармашылық топқа ауданның тарихына деген жанашырлықтары үшін алғыс білдірді. Енді ауданның алдында - Сырым ауданының энциклопедиясын шығару жұмысы тұр. Бұл жұмыстар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне жоспарлануда.

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл толуына орай шығарылған жаңа анықтамалық кітаптың жарық көруіне Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қоры демеушілік жасады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале