24.02.2016, 12:14
Оқылды: 27

Сырым және Шыңғырлау аудандарының 15 ауылдық елді мекенін газдандыруға 865,0 млн. теңге қарастырылды

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында сумен жабдықтау және газбен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс халқының сумен қамтылуы 88,8%-ға жетті, соның ішінде ауыл тұрғындарын қамту – 76,5% (249,1 мың адам).

2015 жылы 661,4 млн. теңгеге Сырым ауданы Жымпиты ауылы және Теректі ауданы Федоровка ауылына 2 сумен қамту объектісі қайта жаңартылды. Нәтижесінде 160 шақырым су құбыры қайта құрылып, 10,8мың адамды сумен қамту қызметінің сапасы жақсартылғанын облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы атап өтті.

Акимм044   Сондай-ақ, облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту 92%-ды құраған. Оның ішінде ауыл тұрғындарын қамту - 84%.

Анықтама ретінде: ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамту 58%-ды құрайды немесе 260 АЕМ.


Газдандыруға мемлекеттік бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінген. 6,8 мың адам тұрғыны бар Зеленов, Қаратөбе, Тасқала және Теректі аудандарының 12 ауылдық елді мекеніне газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде газдандырылған ауылдық елді мекендер саны 2014 жылғы 248-ден 2015 жылы 260 дейін ұлғайды.

Ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Сырым және Шыңғырлау аудандарының 15 ауылдық елді мекенін газдандыруға 865,0 млн. теңге қарастырылды.Облыстық бюджеттен (510,2 млн. теңгеге) Шыңғырлау, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарының 18 әлеуметтік нысанын газдандыру жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале