14.07.2015, 17:15
Оқылды: 24

Сырым мешітіндегі Қадір түні

Сырым мешитиШілденің 13-нен 14-не қараған түні Сырым ауданының орталық мешітінде Қадір түнінің намазы оқылды.

Құтпан намазынан кейiн мешіт ауласындағы киіз үйге жиналган жамағат ауыз ашқан соң, Сырым аудандық мешiтiнiң өкiл имамы Армат Кәрiмов, аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтар Рамазан айындағы қасиетті түннің басталуымен құттықтап, елдің басына береке тіледі.

Жалпы, Рамазан айы басталғалы бері Сырым аудандық орталық мешіті және Сырым ауданы әкімдігінің бастамасына сәйкес аудандық мешіттің ауласында аудан мекемелерінің ұжымдары күнбе-күн ауызашар ұйымдастырып келеді.

Сырым аудандық орталық мешітінде 1 ай бойына Орал медресесінің шәкірті Бақытжан Сағидоллаұлы Құран әліппесі және Құран оқу негіздері бойынша дәріс берді. Бұл дәрістерге мектеп жасындағы оқушылар мен жергілікті жамағаттың мүшелері қатысты. Ай соңында курсқа қатысушыларға сертификат табысталады.

Сонымен қатар аудандық мешітке арнайы келген Астана қаласындағы Сабынды медресесінің жас қарилары Сәбит Жиенбетов пен Хазірет Оразбаев ай бойына оқылған тарауих намаздарында қасиетті Құран Кәрімнің параларын жекелеп оқып отырды. Қадір түніндегі тарауих намазында Құран хатым жабылып, дұға бағышталды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале