14.09.2016, 10:36
Оқылды: 40

Сүйікті қаламыздың күніне арналған кеш

%d1%81%d2%af%d0%b9%d1%96%d0%ba%d1%82%d1%96-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d0%b7%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96%d0%bd%d0%b5-%d0%b0%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%ba   Келбеті күн санап ажарланып, сәулеті ерекшелене түскен әсем қала Оралымыздың туған күніне орай аудан өнерпаздары Круглоозерное кентінде мерекелік кеш өткізген болатын.

  Тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов пен Круглоозерное кенті әкімінің міндетін атқарушы Салтанат Ескендіров құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті.


  Кеш шымылдығын «Тәуелсіздікке тағзым» биімен түрген «Нұр-ай» би ансамблі көпшіліктің көңілінен шыға білді. Күміс көмей әншілер Н.Тасболатов, Н.Сажина, М.Исмағұлов, А.Жекеков, А.Мерғалиев, Н.Хибашева, Артур мен Анар Сисеновтар, «Скифы» вокалды аспаптар ансамблі патриоттық әндерден шашу шашып, «Шежіре» халықтық ансамблі күмбірлете күй төгіп, дала төсін думанға бөледі.

  Концерт Артур Мерғалиевтің орындауындағы «Қазақстаным» әнімен тәмамдалды.

Дана ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале