8.09.2015, 19:57
Оқылды: 22

Сүт және ет өнімдерін өндіру артуда

Syt et onimderi    Сейсенбі күні «Қазақстан-Орал» телеарнасында өткен брифингте өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласының бүгінгі жай-күйі сөз болды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Жасұлан Халиуллин осы сала бойынша «100 қадам" Ұлт жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

-Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша өңіріміздегі сүтті бағыттағы ірі қара малының саны 149,8 мың басты немесе жалпы ірі қара мал басының 28,5%-ын құрап отыр. Соның ішінде 17,8 мың бас ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне, қалған 132,0 мың басы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесіне тиесілі. Барлық шаруашылық санаттарымен қаңтар-шілде айларында 140,1 мың тонна сиыр сүті өндірілді. Облысымыз бойынша сегіз сүт тауарлы фермалары тіркелген. Олардың ішіндегі Теректі ауданындағы «Ақас» агрофирмасы» ЖШС мен Зеленовтағы «Баян» ШҚ сүт өндіріп, өздері қайта өңдейді.  Ал 2011 жылдан бері өңірімізге 3076 бас шетелдік асыл мал келді, соның 679-ы биыл әкелініп отыр. Бүгінгі таңда, яғни 3 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс 736,1 тонна ет және ет өнімдерін экспортқа шығарды, соның ішінде 179,9 тоннасы ІҚМ еті, 556,2 тоннасы ет өнімдері. Аталған жоба аясында Ақжайық, Зеленов, Жәнібек, Қазталов және Шыңғырлау аудандарында барлығы 11,8 мың басқа арналған мал бордақылау кешендері салынып, жұмыс жасауда. Бұған қоса, бес шаруашылық 3200 басқа арналған мал бордақылау алаңдарының құрылысын жүргізуде,-деді Жасұлан Халиуллин.

www.zhaikpress.kz

Сәкен Абулхалықов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале