28.10.2015, 11:35
Оқылды: 21

Сәби шетінеуінің азаюы көңіл көншітеді  

 

images (1)Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлмира Дүйсенбаеваның мәліметіне сүйенсек, биыл 9 айда аудан бойынша 203 нәресте дүниеге келген.

Бұл өткен жылғы 9 айлық көрсеткішпен салыстырғанда 12 балаға аз. Дәлірек айтсақ, былтыр есепті мерзім ішінде 215 сәби дүние есігін ашқан. Ал сәби шетінеуінің  биылғы 9 айда өткен жылғы осы уақытқа қарағанда сирек болуы көңіл көншіткендей. Мәселен, үстіміздегі жылдың 9 айында бір шарана өлі туса, былтыр аталған мерзімде 3 нәресте өлі дүниеге келіп, бір жасқа дейінгі екі бала қайтыс болған.

Сонымен қатар ауданда былтыр 9 айдың ішінде 64, биыл есепті уақытта 71 жұп некеге отырған. Сол сияқты ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткіші былтырғы 9 айда 20 жұпты құраса, биылғы осы мерзімде 15 жұп некеден ажыраған.

Бас маманның айтуына қарағанда, өткен жылдың тоғыз айында тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру жөнінде 4 адамның акт жазбасы тіркелсе, үстіміздегі жылғы есепті уақыт аралығында  3 адам осындай өтініш берген.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале