1.09.2016, 13:37
Оқылды: 56

«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!»

Akim Ihsanov   Мұстақым Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебінде Білім күніне арналған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысты.

   - Жаңа оқу жылы ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Елбасымыздың қолдауымен жыл сайын жаңа білім ошақтары бой көтеруде. Президентіміз айтқандай, «Терең білім  тәуелсіздігіміздің тірегі». Соңғы он жыл ішінде мемлекет тарапынан білім саласына бөлінетін қаражат бес есеге дейін өсті. Яғни, оқушылардың алаңсыз білім алуына жан-жақты жағдай жасалуда. Осыдан жиырма жыл бұрын осы мектепке мемлекеттік қайраткер, еліміз үшін аянбай еңбек еткен Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың есімі берілген. Биыл Мұстақым Біләлұлының туғанына тоқсан жыл толып отыр. Аталмыш мерекелік датаға орай мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп, оның есімі берілген білім ұясы күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда өңірімізде 401 мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. 11 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл - біз үшін үлкен мереке, - деді өңір басшысы құттықтау сөзінде.

  Салтанатты шарада облыс әкімі Алтай Көлгінов және Мұстақым Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев Мұстақым Ықсановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

  Аталмыш білім ұясы былтырғы оқу жылында республиканың отыз пилоттық мектебі қатарында бастауыш білімге арналған жаңа оқу бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді бастап, биыл оны әрі қарай жалғастыруда. Биылғы оқу жылында елу бүлдіршін осы мектептің табалдырығын аттады. Алтай Сейдірұлы мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабын табыс етті. Ол сондай-ақ күрделі жөндеуден өткен аталмыш мектептегі М. Ықсанов атындағы оқу-көрме залын және заманауи оқу құралымен жабдықталған ағылшын тілі кабинетін тамашалады.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале