20.06.2016, 10:53
Оқылды: 31

Сәт сапар, Жас түлек - 2016!

Сәт сапар, Жас түлек - 2016!Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс саябағында биылғы мектеп бітірушілерге араналған салтанатты шара өткізілді.


Кешке ата - аналар, ұзтаздар, ауыл тұрғындары көп жиналды. Алғашқы кезекте аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ержан Тұрмағанбетов сөз сөйлеп, түлектерге сәт сапар тіледі. "Алтын белгі"  иегерлері Айнұр Есеноваға, Анара Байлепесоваға , Алишер Сағидоллаға, Арина Нұрымоваға ноудбук пен облыс  әкім атынан Абайдың "Қара сөздері" жинағы табысталды.

"Ерекше аттестат " иегерлері Ақылбек Қадырбеков пен Диас Тайкенов алғыс хат пен планшет иеленді. Кеште әсем ән шырқалып, сәнді би биленді. Ұстаздар марапатталып, ата - аналар алғыс легін ақтарды. Көңілді шара көпшілікке жақсы әсер сыйлады.

Мектеп түлектері саябақтың көрікті жерлерінде суретке түсті.

www.zhaikpress.kz

А.Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале