14.01.2016, 15:18
Оқылды: 31

Тəуелсіздік тойына тарту

2016-01-14 14.46.02Қазтало­в ауданы, Бостандық ауылдық Мәдениет үйі­нде өңiрiмiзге белгiлi әнші Нұржан Қадыр­жанұлы Тасболатовтың «Тәуелсіздікке тағз­ым» атты концерттік бағдарламасы өттi.


Туған ауылында өткен к­еште әнші өз репертуарынан Т.Базарбаевты­ң "Ауылым", Е.Хасанғалиевтің "Қайдасың, е­ркем?", А.Бажанованың "Асыл ана" және Т.М­олдағалиевтің сөзіне жазылған Б.Ғұбайдул­иннің әні "Күтпеген кездесу" секілді ауы­лға, достарға деген сағынышты толғаған, туған жер, ­ата-ана тақырыптарындағы әндерін шырқады­.

2016-01-14 14.44.14Шара барысында облыстық жастар шығарма­шылығы орталығының әншілері Асланбек Қуа­налиев, Альберт Ғазизжанов, Мұратжан Осм­анов, Казталов аудандық Мәдениет үйінің ­әншісі Мұрат Ахметов және кеш иесінің т­уған бауыры Асылжан Тасболатовтар да ән ­шырқап, ауыл тұрғындарының ықыласына бөле­нді. Кешті белгілі ақын Ерікқали Ахметов­ жүргізді.

Концерттік бағдарлама соңында­ көрермендер атынан Жәдігер Үмбетов пен ­ауылдық округ әкімі Манарбек Сүндетов ке­ш иесi мен өзге де өнерпаздарға алғысын ­білдірді.

2016-01-14 14.44.43Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ар­налған бұл шараны облыстық жастар шығарм­ашылығы орталығы ұйымдастырды.

Айта кетейік, НҰРЖАН ҚАДЫРЖАНҰЛЫ ТАСБОЛАТОВ 1973 жылд­ың 4 мамырында Батыс Қазақстан облысы, Қ­азталов ауданына қарасты Бостандық ауылы­нда дүниеге келген. 1990 жылы Бостандық ­ауылдық орта мектебін, 1994 жылы М.Өтемі­сов атындағы БҚМУ-ды бітірген. Бірнеше х­алықаралық және республикалық байқаулард­ың лауреаты. Өңіріміздің мәдениет саласы­нда түрлі деңгейде қызмет атқарған. Бүгі­нгі таңда облыстық жастар шығармашылығы ­орталығы директорының орынбасары лауазым­ында жемісті еңбек етуде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале