14.03.2016, 17:51
Оқылды: 32

Табандылықпен танылса, тұрақты жұмысқа қалады

Akjayik tabandilik tanitsa   «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының ІІІ бағыты бойынша Ақжайық ауданында 2015 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 29 адам жоспарланған болса, жыл бойына 16 шаруа қожалықтарынан өтінім түсіп, 36 адамға жолдама берілді. Қуаныштысы сол, соның ішінде 14 адам тұрақты жұмысқа қалдырылды. Ал 2016 жылға 30 адамға жоспар белгіленсе, 20 шаруа қожалығынан өтінім түсіп, 41 адам қазір шаруалар ұжымының бір мүшесіндей болуда.


Соның ішінде Бударин ауылынан «Дархан» шаруа қожалығы (жетекшісі К.Қауметов), Чапаевтан «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы (жетекшісі А.Құспанов), «Әділ» шаруа қожалығы (жетекшісі Қ.Қабашев), «Бахтияр» шаруа қожалығы (Т.Байғалиев) әлеуметтік жұмыс орнымен қамту жөнінде белсенді қатысушылар қатарынан табылып отыр. Олардың айтуынша, жаңа жұмыс күші арасынан егер белсенділікпен, қиындыққа табандылықпен танылса, тұрақты жұмысқа қалатындар аз болмайды. Бүгінде бұл күш көктемгі төл алудың қам-қарекетінің қызу ортасында.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале