18.04.2016, 16:57
Оқылды: 43

Табиғатқа-көрік, акцияға- қолдау

Shingirlau tabigatka agash     Шыңғырлау ауданында облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес облыс аумағында қолға алынған «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясы шеңберінде аудан мекемелері мен ұжымдары түгел атсалысқан жас көшеттер егу шарасы жүзеге асырылды.


       Акция басында осындай игілікті іске мұрындық болған Елбасы тапсырмасын орындау бағытында қолға алынған шараның маңыздылығы, табиғатымызға көрік, ауылымызға сән болатын істің бүгініміз бен ертеңіміз үшін аса қажеттілігі жайында аудан әкімі А.Халелов атап өтіп, орман шаруашылығы саласының еңбек ардагері Б. Төлембаев, ҰОС-ның ардагерлері Андрей Рудь және Сүйеу Ығылманов қария игілікті іске сәт тіледі.

     Жоғары ынта, аса ыждағатылықпен іске кіріскен көпшілікке бір қарағанда ауқымды көрінген үлкен отырғызу алаңы бұйым болмай, әп-сәтте талай көшет отырғызылып, суғарыла бастады. Екпе ағаштар қатарында үйеңкі, көктерек, мамыргүл, мойыл ағаштарының көшеттері және қарақат, ақ акация бұталары да бар. Осылайша ауданымызда бір мезетте 500 түп жас көшет отырғызылды.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале